$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шымкентте биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ

AstanaTV
10.03.2016ж. 20:00
1725
Шымкентте биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ

Шымкентте биыл өнеркәсіп саласында 29 жоба іске асырылып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы  аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қаланың даму концепциясының жүзеге асырылуы жөнінде баяндаған шаһар басшысы, ең маңызды салаларға инвестиция тартылатынын айтты. Осы мақсатта  жылына кем дегенде 20 жобаны іске асыру көзделуде. Шахар іргесінен 2 индустриялық аймақ құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесіп, старт-ап жобалар әзірленбек. Қызығушылық танытқандарға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі деді әкім.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

Кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше бағытта жұмыстар атқарылатын болады. Бірінші ол әкімшілік кедергілерді жою. Бұл мақсатта біз арнайы жұмыс тобын құрдық, іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда. Екінші-қала экономикасында ең тартымды салаларға инвестиция тарту. Үшінші -кіші және орта бизнесті ынталандыру.

 

 Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ