$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Қарақат Әбілдина: Қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын

AstanaTV
21.08.2024ж. 08:14
238
Қарақат Әбілдина: Қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын

Танымал қазақстандық жұп Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов күміс тойын тойлап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

1999 жылы шаңырақ құрған отбасыға биыл 25 жыл болған. 20 тамыз - екеуінің шаңырақ көтерген күні. Эстрада жұлдыздары бұл атаулы күнді дүркіретіп тойлады. 

"Қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын. 20 тамыз - Қыдекең екеуіміз үйленген күн. Құттықтап жатқан жандарға алғысымыз шексіз", -деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Күміс тойда Қыдырәлі мен Қарақат жас жұбайлар сияқты ортаға ерекше қошеметпен кіріп, неке қию рәсімін жасаған. 

"Жар-жар деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар! Салтанатты неке қию рәсімі! Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс", - деп жазды әнші.