Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жалған терроризм үшін сотталған мұғалімнің жазасын өтеу мерзімі қысқарды

AstanaTV
10.03.2017ж. 20:00
2071
Жалған терроризм үшін сотталған мұғалімнің жазасын өтеу мерзімі қысқарды

Қарағандыда жалған терроризм үшін 2 жылға сотталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактің жазасын өтеу мерзімі 5 ай 12 күнге қысқарды. Қарағанды облысы Абай аудандық соты осындай шешім шығарды.

Юрий Пактің абақтыда отыру мерзімі Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «рақымшылық» заңымен қысқартылған. 

Қарағандыдағы 86-ншы мектептің мұғалімі Юрий Пак Қылмыстық кодекстің 273-інші, яғни «Террористік акт туралы жалған хабарлау» бабымен айыпталған болатын. 2015  жылы сәуірде 102 нөміріне оның ұялы телефонынан "Орталық әмбебап дүкенге бомба қойылды" деген хабарлама түскен. Қазыбек би аудандық соты мұғалімді өткен жылдың қараша айында екі жылға соттады.