Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталған шенеуніктерді қамауда ұстау тағы екі айға ұзартылды

AstanaTV
10.03.2017ж. 20:00
2544
Мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталған шенеуніктерді қамауда ұстау тағы екі айға ұзартылды

Мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталған Президент әкімішілігінің экс-шенеуніктерін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік қызметі Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев пен ішкі саясат бөлімі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған Николай Голихинді қаңтарда ұстап, екі айға қамауға алған еді. Оларға "мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, айтты, таратты" деген айып тағылып отыр. Күдіктілер Ұлттық қауіпсіздік қызметінің уақытша ұстау изоляторында.

Ботагоз Баянова, Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы:


2017 жылғы 7 наурызда Астана қалалық Есіл аудандық №2 соты күдіктілер Бағлан Майлыбаев және Николай Голихинді қамақта ұстау мерзімін 2017 жылдың 12-ші мамырына дейін ұзартты.