Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбе облысындағы бір отбасы Түркияда демалып жүрген жерінен Иракқа кетіп қалған

AstanaTV
10.03.2017ж. 20:00
6937
Ақтөбе облысындағы бір отбасы Түркияда демалып жүрген жерінен Иракқа кетіп қалған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылының тұрғыны Дулат Мұратовтың келіншегі екі баласымен Түркияда демалып жүрген жерінен Сирияға өтіп кеткеніне 2 жылдай уақыт өткен. Ата-анасы сол жақта дүниеге келген үшінші немересін көрмеген де. Тіпті ұрпақтарының нақ қай мемлекетте жүргенін білмейді.

Ақжібек Құдайбергенова, Дулаттың анасы:

Өздері бір хабарласқанда, «Ирактамыз, мен өз отбасымыды оттың ортасына тастамаймын, мен оларды қорғаймын, жамандық ойламаймын» деді. Біз Ирактамыз деп, видеосын жіберді, балдар талға мініп, апельсин теріп жүр екен. Меніңше, семьясы бір жерде, өзі былай-былай барып қайтады-ау деймін. Балаларым, аман болсаңдар, елге қайтыңдар! Біз сендерді сағындық... 

Бершүгір ауылындағы діни ахуал туралы ертең, сенбі 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан арнайы репортажды көріңіздер!