$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2026 жылы мектептегі барлық пәнге жасанды интеллект элементтері қосылады

2026 жылы мектептегі барлық пәнге жасанды интеллект элементтері қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру саласын цифрландыру, сабақ процесіне жасанды интеллектіні енгізу көзделіп отыр. Ал 2026 жылы мектептегі барлық пәнге жасанды интеллектінің элементтері қосылады. Бұл туралы елордада өткен педагогтердің республикалық тамыз саммитінде айтылды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесінде жасанды интеллекті енгізудің алғышарттары қалыптасқанын тілге тиек етті. Бүгінде мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 89 пайызға жеткен. Сондай-ақ еліміздің 1731 мектебінде Starlink жерсерігі орнатылған.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ,  ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Жасанды интеллектіні сабақта мұғалімнің орнына емес, мұғалімнің көмекшісі ретінде. Ең бастысы әрбір баланың даму троекориясын анықтауда жасанды интеллектінің үлкен көмек бере алатынын көріп отырмыз. Оны көптеген ұста здар өзінің сабағында жасанды интеллектінің элементтерін ұтымды пайдаланып жатқандығын көріп отырмыз.

Руслан ҚАРАТАБАНОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Биологияны алатын болсақ, химияны алатын болсақ, кез келген пәнді алатын болсақ, оның генеративті, генеративті емес түрлері бар. Біреулері тілді үйренуге көмектеседі. Біреулері адамның ішкі ағзасын көруге болады деген сияқты нәрселер, біреулер аударып беріп отырады. Біреулер визуалдайды. Сол нәрселердің барлығын әр пәнге біз қосып отырмыз.