Осы жылдың ақпан айында қайғылы оқиға болған Олимпийская көшесіндегі лай көшкінінің зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Бүгінгі таңда 1 500 м² еңістік аумағы қоқыстан тазартылды, 800 м³темірбетон құрылғылары бөлшектеліп, 220 м³ габион құрылғылары орнатылды, керегелі-торлы жүйені орнату жалғасуда. Осы жылдың қыркүйегінде дренаждық құбырлар, арық жүйесі мен құдықтар орнатылады. Жұмыстар 2024 жылдың наурыз айынан бастап жүргізіліп жатыр, аяқталу мерзімі – осы жылдың қазан айы. Бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңге бөлінді, - деді қала әкімі.