$477.13 €525.85 ₽5.24
×

Қостанай облысында бірнеше сиыр тиеген көлік аударылып қалды

AstanaTV
22.08.2024ж. 12:12
193
Қостанай облысында бірнеше сиыр тиеген көлік аударылып қалды

Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына бара жатқан 23 сиырды тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін аймақ Полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

"21 тамызда кешке Қостанай-Мамлютка автожолының 26 шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылды", - делінген хабарламада.

Жүк арбада 23 сиыр болғані, ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.

"Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды", - деп нақтылады полиция.

Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді, оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады.