Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оралда азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні өткізілді

AstanaTV
13.03.2017ж. 20:00
2146
Оралда азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні өткізілді

Ал Батыс Қазақстанда аспаз, кондитер, электрик пен есепші және дәнекерлеушілерге сұраныс жоғары. Ауыл шаруашылығы саласы әлі күнге білікті механизаторларға мұқтаж. Сондықтан жұмыссыз жүрген оралдықтар "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" жаңа мемлекеттік бағдарламасы арқылы кәсіпті меңгере алады.

Өңірде екі қолға бір күрек іздегендер саны 16 мыңнан асқан. Бұл мәселені ұдайы назарында ұстайтын - "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы азаматтарды Бірыңғай қабылдау күнін ұйымдастырды. Мемлекеттік орган өкілдері кездесуге келген тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Мамандар Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарлама аясында жұмыссыздардың қатары күрт азайып, 2021 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін төмендейтініне сенімді. Бүгінгі қабылдауға келген тұрғындар партияның көмегімен өз мамандығына сай жұмыс табамыз деген үмітте.

Бақыт Габдиева, Орал қаласының тұрғыны:

Уақытша жұмыста кассир-оператор болып жұмыс істеп жүрмін. Өзімнің мамандығыммен жұмыс істеген бөлек қой. Өз мамандығыммен жұмыс істеген әлде шағын кәсіпкер болуға көмектеседі деген ойдамыз. "Нұр Отанға" келіп келіп, мәселеміз шешіледі деген үміттеміз.

Анар Амантаева, БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

677 адам қысқа мерзімдік оқытылып, 800 кісі кәсіптік және техникалық білім беру бойынша оқытылады. Мұның сыртында тағы 937 адамды Бизнес-Бастау жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Биыл пилоттық жоба бойынша 5 ауданда іске асырылады. Оқытылған адамдар шағын несиемен қамтамасыз етіледі.