Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Норвегияда ең ұзақ уақытқа созылған хоккей матчы өтті

AstanaTV
13.03.2017ж. 20:00
2270
Норвегияда ең ұзақ уақытқа созылған хоккей матчы өтті

Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жатқан Қарағандының «Сарыарқа» командасы ширек финалдың алғашқы матчында жеңіске жетті. Ресейдің «Зауралье» командасын қабылдаған отандастарымыз 3:1 есебімен жеңісті тойлады. Өскеменнің «Торпедосы», өкінішке орай, жеңіске жете алған жоқ. Ал Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынында бүгін «Барыс» Магнитогорсктің «Металлург» командасын қабылдайды. Спорт әлеміндегі  өзге де жаңалықтар жайында Елдос Сапарғали.

Бокстан WBC ұйымының чемпиондық белбеуінде Қазақстанның туы ілінетін болды. Сондай-ақ Геннадий Головкиннің суреті бейнеленеді. Еліміздің мақтанышына айналған былғары қолғап шебері әлемге әйгілі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Хулио Сезар Чавес және Оскар Де Ла Хойя сынды шеберлермен бір қатарда тұратын болады. Еске сала кетейік, Головкин кезекті жекпе-жегін 18-ші наурызда америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізеді.



Футболдан Испания чемпионатының кезекті турында «Депортивомен» кездескен «Барселона» күтпеген жерден жеңіліп қалды. Каталондықтар - биыл Ла Лиганың басты фавориттерінің бірі. Сондықтан әу баста сенсация болады деп ешкім болжамаған . Алайда жасыл алаңда жанкүйерлердің қызу қолдауымен жігерленген «Депортиво» 40-шы минутта есеп ашты. Дегенмен Луис Энрике шәкірттері үзілістен кейін таразы басын жылдам теңестірді. Гол авторы - Луис Суарес. Қалған уақытта алма кезек шабуылмен өткен матчта Бергантиньос жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп 2:1.



Дәл осындай есеп хоккейден Норвегия чемпионатында «Сторхамар» мен «Спарта» командалары арасында тіркелді. Алайда бұл екі ұжым осы уақытқа дейін айдында ең ұзақ ойнаған команда ретінде рекорд орнатты. Бұған дейін мұндай нәтиже «Детройт» пен «Монреалға» тиесілі болған. 81 жыл бойы бұзылмаған рекорд осылайша Норвегияда бұзылды. Ойыншылар айдында 217 минут 14 секунд өнер көрсеткен. Тартысқа толы плей-офф сериясында «Строрхамар» командасы жеңіске жетті. 

Елдос САПАРҒАЛИ