$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көкшетаудағы диспансерде 25 жыл жатқан адамның туыстары іздестіріліп жатыр

AstanaTV
24.08.2024ж. 18:34
244
Көкшетаудағы диспансерде 25 жыл жатқан адамның туыстары іздестіріліп жатыр

Ақмола облысында 1999 жылдан бері Көкшетаудағы психоневрологиялық диспансерде жатқан, есінен айырылған ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл адам 1999 жылдан бастап Көкшетауда психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол туралы ешқандай дерек жоқ, өзінің де ештеңе есінде жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Еріктілер ер адамды білетін туыстарын немесе таныстарын іздейді. Танығандардан мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8 702 531 80 19 немесе 8 775 085 03 15.