Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы белсенділері Ата Заңдағы түзетулерді қолдайды

AstanaTV
14.03.2017ж. 20:00
2730
«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы белсенділері Ата Заңдағы түзетулерді қолдайды

Ата Заңға енгізілген түзетулерге сай президенттік билік сақталып, Парламент пен Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктелді. Бұл еліміздің жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Алматыда  өткен «Нұр Отан» партиясы өңірлік активінің кеңейтілген отырысында осындай пікірлер айтылды.

Жиында қалалық мәслихат депутаттары, фракция өкілдері мен саяси кеңес мүшелері бас қосты. Бұл өзгерістер тәуелсіздіктің тұғырын одан әрі нығайтуға, адам құқықтарын конституциялық деңгейде заңдастырып, мемлекетті нақты демократиялық жолмен дамытуға жол ашады. Маңызды құжатқа қатысты алматылықтар да өз ұсынысын жолдаған. 122 мың азаматтың басын қосқан 1400-дей кездесу өткізілді. 50-ден аса ұсынысты арнайы жұмыс тобы қарап, парламенттің талқысына түсті.

Қали Сәрсенбай, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің болашағын, келешегін айқындайды. Парламентке билік берілді деген сөз, мысалы, депутаттар өзін министрдің деңгейінде, кәдімгідей министрдің өзін шақырып алып, сөйлесетін жағдайға жетті. Сондықтан, меніңше, осындай әркеттердің барлығы елдің әлеуметтік, мәдени, саяси дамуына зор серпін береді, деп ойлаймын, алдағы уақытта.