$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Саунада болған ұрлық видеоға түсіп қалды

AstanaTV
25.08.2024ж. 08:01
99
Саунада болған ұрлық видеоға түсіп қалды

Саунада болған ұрлық видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда полициясына 53 жастағы астана тұрғыны, әмиянының ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.

Ол, бекетте ер адаммен танысып, араларында қызықты әңгіме басталған соң, оны саунаға шақырған. Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған, қолайлы сәтті пайдаланған қаскүнем, еркін қол жеткізу арқылы ішінде шамамен 100 мың теңге ақшасы бар әмиянын ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әмиянда болған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған.