Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Лионель Месси «Барселонаның» ойыншы жаттықтырушысы болмақ

AstanaTV
15.03.2017ж. 20:00
2667
Лионель Месси «Барселонаның» ойыншы жаттықтырушысы болмақ

Бұл сәттерде «Барыс» осы маусымдағы соңғы ойындарын өткізіп жатуы мүмкін. Егер «Металлург» командасынан ұтылса, жерлестеріміз жеңістен қалыс қалады деген сөз. Ал ресейлік команда екінші айналымдағы плей-офф сериясында 3:0 есебімен алда келеді. Дәл қазір Астанада төртінші матчтың екінші кезеңі  өтіп жатыр.

Чемпиондар лигасында тағы да екі жұптың ширек финалға шыққаны белгілі болды.  «Ювентус» «Порту» командасын ұтты. Бірақ өз алаңында  ойнаған футболшылар жалғыз гол соқты. Оның өзі Пауло Дибаланың қырқыншы минуттағы пеналтиі еді. Осыдан соң қарсыластарының қарқыны бәсеңсіп, жеңіске деген үміті үзілді. Турнирдің келесі сатысында «Ювентустың голпикері «Лестер» командасымен ойын өткізу оңай болмайтынын айтып қалды. Ал, испандықтар матчта айтарлықтай үздік ойын көрсете алмады. Ағылшындар да тобығынан сүрініп,  тойтарыс бере алмады. Тағы екі команданың тағдыры бүгін түнде шешілетін болады. Мадридтің «Атлетикосы» «Байермен» кездесу өткізсе, «Монако» - «Манчестер Ситимен ойнайды».



Испандық Diario Gol басылымының хабарлауынша, Лионель Месси маусымның соңына дейін «Барселонаның» ойнаушы жаттықтырушысы болады. Луис Энрикенің тізгініндегі команда құрамына әйгілі  Леоның көңілі толмайтын көрінеді. Аргентиналық футболшы  «Депортиводан» жеңілген соң, жоспар құрып, өз командасына көмектескісі келетінін білдірген. Тіпті Испаниядағы чемпионатта  «Реалға» шаң қаптыруды көздеп отыр.



Ал Индиан-Уэллсте өткен «Матсерс»  турнирінде  әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын  отыз жастағы Рафаэль Надаль өзінің отандасы Фернандо Вердасконы 6:3; 7:5. есебімен ұтты. Ол 16:3 ұпайымен ойын көшбасшысы болып тұр. Енді ширек финалда Роджер Федерермен кездеседі. Швейцариялық теннисші бұған дейінгі американдық Стив Джонсонды - 7:6, 7:6 есебімен жеңді. Қос қарсыластың корт алаңындағы кездесуі  1 сағат 34 минутқа созылды.