$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Шаруалар субсидия бөлудің жаңа ережелерімен келіспейді

AstanaTV
16.03.2017ж. 20:00
2444
Шаруалар субсидия бөлудің жаңа ережелерімен келіспейді

Құс шаруашылығымен айналысатын шаруалар субсидия бөлудің жаңа ережесімен келіспейді. Бұл туралы Астанада өткен жиында құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов мәлімдеді. Себебі құжатта сала мамандарының ұсыныстары ескерілмеген. Сондай-ақ, фермаларды салудағы құрылыс монтаждау жұмыстары да есепке алынбаған. Мұндай жаңашылдық шаруаларға тиімсіз болып отыр.

Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өндірушілері одағының президенті:

Қанша фабрика шамасы бар, жұмыртқаны өндіруге, технологиялық картамен барлығын қабылдап, содан кейін акиматқа минсельхозға жіберетін едік. Қазір бізден алып тастап, нацпалатаға беріп отыр облыстарға. Ол жерде специалистер жоқ.

Құс тұмауы мен түрлі дерттердің алдын алу мәселелері де талқыланды. Шаруалар ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін сырттан келетін сапасыз құс етіне шектеу қою туралы ұсыныстарын айтты. Өнімдердің бағасы қымбаттамау үшін, сала мамандарының, жемнің қоры мемлекеттік деңгейде реттелсе, деген өтініші бар.

Мұрат Нақпаев, «Алмалы құс» фабрикасының құрылтайшысы:

Көршілерімізде Россияда, Өзбекстанда арнайы жемнің фонды бар. Құс шаруашылығына арналған. Қазақстанда болды кезінде, қазір жоқ. Қазір июньнен бастап жем алу өте қиын. Россияға шығуға тура келеді. Қолда барлар бағаны көп өсіріп жібереді. Бағаны өсірудегі негізгі проблема осы жемде.