Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерден емделушілер зардап шекпеуі керек - Депутат

AstanaTV
16.03.2017ж. 20:00
2085
Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерден емделушілер зардап шекпеуі керек - Депутат

«Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерден емделушілер зардап шекпеуі керек. Жұмыс барысындағы бір ғана олқылықтан барлық еңбегіміз еш кетуі мүмкін». «Нұр Отан» партиясында өткен дөңгелек үстел барысында Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова осылай деді.

Медициналық сақтандыру жүйесінің қолданысқа енуіне азғана уақыт қалды. Сондықтан жаңа жүйені дәрігерлер арасында түсіндіру шараларын азайтпау керек. Себебі қиыншылыққа алдымен тап болатындар - дәл осы ақ халаттылар. Жүйе өте ауқымды. Оны енгізу үшін денсаулық туралы заңнаманың 6 кодексі мен 16 заңына өзгеріс енгізу көзделген. Басты қор құрылды, енді аймақтарда құрылып жатыр. 

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мәселенің шалғай елді мекендерде қалай өрбіп жатқанын білуіміз маңызды.  Денсаулық сақтау саласы аса зор жауапкершілікті қажет етеді, сондықтан назардан тыс қалған мәселе болмауы керек. Облыс орталықтары үшін уайымдап отырған  жоқпыз, дегенмен ауыл-аудандардағы қызметкерлер жаңа жүйені толық түсінуі керек.