Хоккейден Гагарин кубогы жолында «Металлург» командасымен кездескен «Барыс» плей-офф сериясының төртінші кездесуінде жеңіліс тапты.
Осылайша, астаналық клуб жарыс жолынан шет қалды. Матчты ширақ бастаған айдын иелері Найджел Доустың көмегімен есеп ашты. Қонақтардың шабуылда ойыны жүрмегенімен, шешуші кезеңде ойын тізгінін қолына алды. Ресейліктер таразы басын теңестіріп қана қоймай, 2:1 есебімен алға шықты. Негізгі уақыт аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Никита Михайлис есепті 2:2-ге жеткізді. Ал овертаймда ойыншы санының басымдығын пайдаланған «Металлург» жартылай финалға жолдама алды.
Найджел Доус, «Барыс» ХК шабуылшысы:
Бүгін
өте ауыр ойын болды. Жалпы есепте 3:0 есебімен жеңіліп жатып, есе қайтару
қиынға соқты. Біз маусым барысында жақсы
өнер көрсеттік деп ойлаймын. «Металлург» мықты болғанын мойындауымыз керек.