$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы аталып өтті

AstanaTV
17.03.2017ж. 20:00
2589
Астанада Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы аталып өтті

Астанада Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы аталып өтті. Бейбітшілік және келісім сарайына еліміздің көк туын көкке көтеріп, әнұранын әуелеткен кіл мықтылар жиналды. Салтанатты шараның басты қонағы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Комитеттің ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтауға өзге де қонақтар көптеп келген. Арасында олимпиадалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар.

Жиында сөз алған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық спортшылардың түрлі олимпидаларда топ жарып, ел  қоржыны бос қайтпағанын еске салды. Халықаралық олимпиадалық қозғалысқа еліміздің қосылуы да спорт саласының қалыптасуына өз үлесін қосты,- деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы присоединились к Международному олимпийскому движению - это стало важнейшей частью строительства нового независимого Казахстана. Олимпийское движение - это больше чем спорт, это философия жизни, которая основана на ценности и открытости единства, взаимоуважения, физического и нравственного совершенствования. Все это совпадает с принципами построения нового независимого Казахстана.

Мерекелік концерт келген қонақтарды таң қалдырмай қоймады. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров «А-Студио» тобының әншісімен бірге өнер көрсетті. Қос саланың үздіктері бірігіп, Владимир Высоцкийдің «Утренняя гимнастика» әнін шырқады. Велошабандоздан мұндай өнерді күтпеген көрермен оған шексіз риза болып, жоғары баға берді.