«Нұр Отан» партиясының белсенділері аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созды.
Атырауда өткен қайырымдылық акциясы аясында әлеуметік жағдайы төмен
азаматтардың өтініші тыңдалды. Олардың бірқатары қоғамдық қабылдауға келіп,
базынасын жеткізді.
4 баланың
анасы Аяжан Кенжеғұлова отағасының жұмыссыз екенін айтады. Күнделікті
азық-түлікке де қаржы таппай қиналатын сәттері жиі болып тұрады екен.
Отбасы әкімдік берген аядай баспананы
уақытша паналап отыр. "Нұр Отан" партиясының мүшелері екі қолға бір күрек іздеген
азаматтың жұмыс табуына көмектеспек. Ал сәбидің балабақшаға орналасуына ықпалын тигізеді. Наурыз мерекесімен
құттықтап, азық-түлік пен тәтті-дәмділерін ала келген партиялықтар мұндай
көмекті мүгедек ұлын бағып отырған жалғыз басты анаға да көрсетті.
Жағдайымды қарап, қалай тұрып жатыр деп жатқанына көп көп рахмет. Азық-түліктер әкеліп беріп жатыр балаларымызға. Мына кішкентайымды балабақшаға орналастырып берем деп, көмектесіп жатыр.
Әділбек Зайдуллин, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
«Нұр
Отан» партиясының Атырау қалалық филиалына жыл басынан 173 өтініш түскен болатын,
оның 35-і оң шешімін тапты. Бүгінгі күні біз аз қамтылған екі жанұяға келіп
отырмыз. Олардың өтініші бойынша «Нұр
Отан» париясынан. Осындай аз қамтылған, мүгедек баласы бар, көп балалы жанұялар
әрдайым партия бақылауында болады.