Өзге
елде қазақтың атын шығарып жүрген тағы бір Димаш бар. 24 жастағы Қазақстан
тумасы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында полицей болып еңбек етеді. Алпауыт елдегі
атышулы есірткі баронын тұтқындап, заңсыз сауданың ізін кескен Димаш Ниязов
туралы батыстың ақпарат құралдары жарыса жазған еді. Туған елін аңсаған азамат,
наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанға келген. Осы сапарында ол шет елге қашан
кеткенін, қазіргі жағдайының қалай екенін біздің тілшілерге әңгімелеп берді.
Димаш
Ниязов:
Әкем
- кик бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы. Питер деген жолдасымен АҚШ-та
дайындыққа барады. Сол жақты барынша бағындырған олар кейін көшіп баруға бел
буады. Онда мен кішкентай едім. Әкем інім екеумізді спортқа баулыды. Қазір АҚШ
қазақ спортын жақсы біледі. Біз де Қазақстаннан келгендерді үйімізге қонаққа
шақыруды әдетке айналдырғанбыз. Бұл біздің қазақтардың салты ғой. Бауырсақ
пісіріп, бесбармақ дайындаймыз.
The
Wall Street Journal басылымы Димаш туралы жан-жақты материал дайындап, тіпті
жерлесіміз жайлы фильм түсірілген. Ниязовтардың мұхит асуына тікелей спорттың
әсері бар. Димаш туған елі мен жерін аңсап, осындағы ағайын-туыстарын сағынатынын жасырмайды. Тіпті болашақта Қазақстанға келуім мүмкін
дегенді де айтып қалды.
Димаш
Ниязов:
Туыстарымның
барлығы Қазақстанда тұрады, сондықтан осы мереке қарсаңында келуді жөн көрдім.
Осында келсем, балалық шағым, бақытты кездерім есіме түседі. Мәдениеті керемет. Бұл өмір ғой, болашақта
қалай боларын білмеймін. Бірақ менің тамырым осында, мен қазақпын. Жүрегім
қазақ деп соғады.