$462.36 €493.48 ₽5.99
×

«Тұмар» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
17.03.2017ж. 20:00
1548
«Тұмар» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

«Тұмар» байқауының лауреаттары мен жеңімпаздары белгілі болды. Бірнеше минут бұрын еліміздегі телевизия саласында тұңғыш рет ұйымдастырылған бәйгенің жеңімпаздарын марапаттау шарасы аяқталды 

Экран жұлдыздарына арнайы қызыл кілем жайылып, лайықты құрмет көрсетілді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен бастау алған бәйгеге 200-ден астам жұмыс келіп түскен. Тәжірибелі мамандардан құралған қазылар алқасы 12 аталым бойынша 48 телевизиялық туындыны іріктеп алды. Олардың ішінде «Үздік деректі кино», «Үздік ақпараттық», «Үздік музыкалық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба» сынды номинациялар бар.

Телевизия саласы майталмандарының басын қосқан байқау жоғары деңгейде өтті. Тіпті сахнаны безендірудің өзіне мамандар бір аптадай уақыт жұмсаған. Республикалық арналармен қатар шығармашылықтың шыңына шыққан аймақтық телевизияның үздік туындылары да лайықты бағасын алды.  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах