Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі машинист өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды

AstanaTV
24.03.2017ж. 20:00
2324
Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі машинист өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды

«Қазақмыс» компаниясының Қарағанды облысындағы тау-кен өндірістік кешеніндегі машинист өліміне жер асты техникасы себеп болған. Ол өздігінен жүріп кеткен. Мұндай болжамды «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі таратты.

Оқыс жағдай «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігіне қарасты Оңтүстік Жезқазған кенішінда 20 наурызда болған. Салдарынан аталған жабдықтың 30 жастағы машинисті ауыр жарақаттанып, қайтыс болған. Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Айжан ҚУАШ