Полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Astana TV.
Ол — 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты.
Сот шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер — бұл қоғамдық кеңістік. Тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.