Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

AstanaTV
27.03.2017ж. 20:00
2359
Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Оңтүстік қазақстандық көп балалы ана «Нұр Отан» партиясының жергілікті өкілдерінен көмек сұрайды. Партияның «Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған қоғамдық қабылдауға отыз жастағы келіншек төрт баласын ерте келген. Айтуынша, ері ішкілікке салынып, жиі ұрып-соғады. Балаларын уақытша жетімдер үйіне өткізсем деген ойы бар. Алайда билік партиясы мен «Сана-сезім» бірлестігінің өкілдері құқықтық және психологиялық көмек көрсету арқылы жас ананы райынан қайтарды.

Шахноза Хасанова, «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:

Бір-екі ай көлемінде мемлекеттік қаржы жағынан уақытша тұратын үй бөлініп тұратын болса, олардың мәселесі шешілгенше, олармен психологиялық көмек көрсетілгенше, олар түгел қайтадан өмірге келіп, әрі қарай тұру үшін, мен ойлаймын, көмек болады.

Қабылдауда болғандардың қайсыбірі туыстар арасындағы баспана мен жер дауы өршіп тұрғанын айтып, кеңес сұрай келді. Оларға құқықтық кеңес беріліп, тегін адвокаттық  қызмет көрсетілмек.