Дубай
халықаралық қаржы орталығы құрылғалы бері Араб Әмірліктеріндегі жалпы ішкі өнім
8% артқан. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында аталған
орталықтың жетекшісі айтты.
Президент
Дубай қаржы орталығының жұмысымен жете танысты. Бұл ұйым Еуразия кеңістігіндегі жетекші
халықаралық қаржы орталықтарының бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан
тарапы Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін пайдаланады деді.
Сондай-ақ бүгін "Астана" қаржы орталығы
халықаралық қаржы орталықтары бірлестігіне мүше болды, деген ақпар тарады. Енді
өзге елдердегі осы сынды орталықтардың тәжірибесін жинақтауға жол ашылып отыр.
Олардың арасында Токио, Торонто, Шанхай сынды алып қаржы орталықтары бар.
Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ