$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салу мәселесіне қолдау білдірді

AstanaTV
03.09.2024ж. 10:32
364
Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салу мәселесіне қолдау білдірді

Президент Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі айтылды, деп хабарлайды 24kz.

Алматы облысында стратегиялық нысан орналасатын жердің бірі ретінде Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы таңдалған болатын. Аталған елді мекеннің тұрғындары АЭС құрылысын жүргізу бойынша жер-жерде ашық қоғамдық тыңдау өткенін және осы мәселеге қатысты нақты шешімнің референдум арқылы қабылданатынын құптайды. Алматы облысы жылына 550-630 МВт электр қуатын тұтынады. Оның жартысы өзінде өндірілсе, қалғанын сырттан сатып алуға мәжбүр. 

Мен Қазақстан аумағынан атом электр станциясын салу туралы бастаманы қолдаймын. Өйткені біздің еліміз үшін энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу өте маңызды. Болашақта ел аумағында көптеген кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде көрші елдерге үміт арта беруге болмайды, - дейді Үлкен ауылының тұрғыны.

Облыстың электр энергиясын тұтыну көлемі 2050 жылға қарай 3000 МВт-қа дейін жетуі мүмкін. Өйткені мұнда 4 жаңа индустриялық аймақ салу жоспарланған. Президент өз Жолдауында тағы бір мәрте тоқталып өткен Алатау қаласының құрылысы үш кезең бойынша жүзеге асады. Болашақта бұл жаңа қалада жылына 1800 МВт электр қуаты тұтынылады.