Сатып алушылардан алынған ақшалай қаражатты жеке мақсаттарына пайдаланған, деп хабарлайды Astana TV.
Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған.
Сотталушының әрекеттерінен 6 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қоюлар қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.