$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оңтүстікте мәслихат депутаттығына үміткерлердің 189-ы саяси науқаннан шеттетілді

AstanaTV
11.03.2016ж. 20:00
1877
Оңтүстікте мәслихат депутаттығына үміткерлердің 189-ы саяси науқаннан шеттетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлер арасынан 189 азамат саяси науқаннан шеттетілді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Астана арнасына берген сұқбатында айтты. Комиссия төрағасының дерегінше, тіркеуден алынып тасталғандардың 70 пайызының толтырған декларациясы дұрыс болмай шыққан. Яғни мемлекеттік кіріс департаменті берген анықтама мен үміткерлердің құжатта көрсеткен қаржы сомасы сәйкес келмеген.

Әлібек Өмірәлиев, Оңтүстік қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

189 шығарылған кандидаттың ішінде облыстық мәслихатқа кандидаттарынан -25 азамат тіркеуден алынып тасталды. Қалалық мәслихаттар бойынша -54, аудандық мәслихаттардың кандидаттарының  ішінен 110 үміткер тізімнен шығарылып тасталды. Заң бойынша ол 50 теңге болса да айырмашылық шықса тіркеуден алынып тасталынады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай,тап осы оңтүстікте бір кандидат құжатын екі округтен тапсырып, сайлау туралы заңды бұзғаны үшін үміткерлер тізімінен шығарылған еді. Ал өзге кандидаттар өз өтініштерімен үміткерлер қатарынан алынды. Айта кетейік, ақпанның аяғындағы мәлімет бойынша  аймақта облыстық, қалалық және аудандық мәслихат сайлауына 1 мың 358 үміткер тіркелген болатын.

 Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ