Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссиясы Атырау филиалы семинар өткізуде

AstanaTV
11.03.2016ж. 20:00
1634
Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссиясы Атырау филиалы семинар өткізуде

Атырауда сайлау алды жұмыстар талапқа сай жүріп жатыр. Бұл туралы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның Атырау облысы бойынша филиал басшысы Шынаргүл Қайырова БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда саяси партиялар арасында сайлау мәдениетінің өскені байқалады.Комиссияның Атырау филиалы өкілдері аймақтағы 234 сайлау учаскесінде дауыс беру процесін бақылайтын байқаушыларды оқу-әдістемелік семинар-тринингтен өткізіп жатқанын хабарлады. Ондағы мақсат -  сайлаудың әділ өтуін, халықаралық нормалардың сақталуын қадағалауға бейімдеу  .

Шынаргүл Қайырова, ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның Атырау облысы филиалы басшысы:

243 байқаушының 180-і  бүгінгі күні семинар-тренингтен  өтті. Қалған байқаушыларды қысқа мерзімде семинар-тринингтен өткізуді жоспарлап отырмыз. Атырау облыстық, аймақтық сайлау комиссияларында болып және партия  штабында болып сайлауалды жұмыстарымен танысып қайттық. Сайлау комиссиясының жұмысы талапқа сай.

 Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ