$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Атырауда балық шабақтарын құтқарып үлгермей жатыр

03.09.2024ж. 20:00
106
Атырауда балық шабақтарын құтқарып үлгермей жатыр

Атырауда балық шабақтарын құтқарып үлгермей жатыр. Көктемде су тасыған кезде бөлініп қалған арналарда су маржандарына оттегі жетпей жаппай қырылуына әкелді. Су бетіне қалқып шыққан шабақ өлекселерін көріп, тұрғындар әлсін-әлсін дабыл қағуда. Мәселен, мына каналда орын алған жағдай адамның қолымен жасалған. Каналды бәзбіреулер бөгеп тастапты,- дейді мамандар. Қоршаған ортаға қасақана зиян келтіргендер іздестіріліп жатыр. Бұдан бөлек Соколок каналынан бөлінген арналардан шабақтарды құтқаруға адам қолы жетпей жатыр. 

Алмас ЖҰМАШЕВ, ИХТИОЛОГ:

Ауды әр жарты сағат сайын балық толған уақытта балық шаьақтарын құтқару арнайы ыдыстарға салынып, табиғи ортасы Жайық өзеніне жберіледі. Сазан, мөңке, лақа балықтарының шабағы шығып жатыр. Қазіргі уақытта машина 2 рейс кетті.

Мамандардың айтуынша, Атырау облысы аумағынан маусым айынан бері 97 млн шабақ құтқарылған. 1 тоннадан астам балық қырылып қалды. Әзірге шабақ құтқару жұмыстарына инспекция мамандарынан бөлек, тазалық мекемесі қызметкерлері мен балық шаруашылығы балықшылары жүр. 

Нұрлыбек ГАЙСИН, ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙІНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Атырау облысы бойынша 1 тонна 25 келі балық. Мен сіздерге айта алмаймын алда балық өлмейді деп, әлі де өліп қауы мүмкін, әлі де өліп жатқан жерлер болар. Дейтұрғанмен өздеріңіз көріп отырсыздар. Далалық жерлерде судың қалып қойған жерлері, айналасы балшық бару өте қиын. Өздеріңіз көріп тұрғандай резина қайықпен де аралап, дроньмен ұшырып қарап жатырмыз.