Өскемендіктер
үшін бүгін қос бірдей мереке. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыс орталығының
шекарасы кеңіп, қала іргесіндегі Лесхоз ауылы ресми түрде Өскемен қаласына
қосылды. 2 мыңға жуық тұрғынға арнап шаҺар шетінен жаңа әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр.
Ал орталық алаңға киіз үйлер тігіліп, үлкен ауыл пайда болған. Қазан көтеріліп,
өнерпаздардың ән мен биі жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жан-жағымызға
қарасақ: бәрі жақсы, киіз үйлер әдемі, халықтардың бәрі көңілді.
Желаю всем добра, тепла, мира на земле!
Жергілікті
мекемелер тіккен киіз үйлер арасынан ең үздігі анықталмақ. Тарихшылар олардың
қаншалықты қазақы дәстүрге сай екенін бағалайтын болады. Сонымен қатар аспаздар
ұлттық тағамдар даярлаудан сайысқа түсуде. Ұлттық-мәдени орталық өкілдері мен
тарихшылар, кәсіби аспаздардан құралған қазылар алқасы тағамның дәміне, аспаздың
дастархан жаю шеберлігіне де баға бермек.
Мансұр ЕСҚОЖИН