$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда жындыханадан қашқандар жазықсыз адамдарды қанжоса етіп жатқаны рас па?

03.09.2024ж. 20:00
509
Таразда жындыханадан қашқандар жазықсыз адамдарды қанжоса етіп жатқаны рас па?

Жындыханадан қашқандар жазықсыз адамдарды қанжоса етіп жатыр. Тараздың тұрғындары осылай деп дүрлігіп жүр. Жақында қоғамдық көлік жүргізушісін пышақтау дерегі тіркелген. Жолаушыдан жолақыны талап еткенде күдікті балағат сөз айтып, суық қару қолданған. Қазір құзырлылар дауыс ұлғайтқышпен қала тұрғындарына абай болуға ескерту жасап жатыр. Бірақ облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастың тек есепте тұрғанын айтып, ауруханадан қашпады деп ақталуда. Ал полиция қызметкерлері жеті күннен бері табандарынан тозып күдіктіні іздеп жүр. 

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерекке қатысты Тараз қаласы полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар күдікті 33 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіні іздестіру іс-шаралары жалғасуда.