$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Конституциялық реформа маусымда аяқталуы тиіс

AstanaTV
29.03.2017ж. 20:00
2418
Конституциялық реформа маусымда аяқталуы тиіс

Конституциялық реформаға байланысты заң жүйесіне өзгерістер 23 маусымға дейін енгізілуі тиіс. Қазір Мәжілісте осыған орай жұмыс топтары құрылып жатыр. Үкіметтен заң жобаларының басым бөлігі сәуір айында келуі керек дейді, депутат Нұрлан Әбдіров.

Конституциялық реформаға сәйкес 22 заң мен 4 Кодекске өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда: жер, су, кәсіпкерлік және бюджет кодексі. Еске салайық, Президент Үкімет пен Парламентке 35 түрлі билік тармағын бөліп беру туралы жарлық шығарған.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Конституциялық реформа бойынша Президенттің жарлығын іске асыратын өзгерістердің басым бөлігі келесі айда түсуі мүмкін.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ