$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Атырауда көп қабатты тұрғын үйдің шатырынан су ақты

AstanaTV
11.03.2016ж. 20:00
2838
Атырауда көп қабатты тұрғын үйдің шатырынан су ақты

Атырауда бірнеше күн қатарынан сіркірей жауған көктемгі жаңбыр көп қабатты үй тұрғындарын да әлекке  салды. Вокзал маңы шағын ауданындағы 5 қабатты үйдің тұрғындары шатырдан аққан жауын суынан зардап шегіп отыр. Айтуларынша, төбеден өткен су бесінші қабаттан бірінші қабатқа дейін аққан. 60 пәтерлік бұл тұрғын үй 1984 жылы пайдалануға берілген. Содан бері  бір де бір рет жөндеу көрмепті. 

Марал Есқалиев:

Пәтер иелері кооперативі кейде қар аршимыз,- дейді. Қар аршығанда қара қағазды бірге алып кетеді. Сосын су ағады. Бесінші қабаттың төбесінен аққан су бізге келеді, бізден 3-ке барады. Сөйтіп үйіміздің бәрін бүлдіріп жатыр. Дымқыл тартқан, балалар ауырады, өзіміз де ауырамыз.

Мәнер Сиықова:

Біз үңгірде өмір сүріп жатқан сияқтымыз. Ауа райына қарап жатамыз, жаңбыр десе мына жерді жинаймыз, мына жерлерге тазиктерді толтырып қоямыз. Мына жерге үлкен тазик қоямыз, таңға дейін толсын деп.

Тұрғындар бұл келеңсіздікке пәтер иелері копперативін кінәлап отыр. Олар ай сайын тиісті төлемдерді жасап отырғанын алға тартады. Алайда, «Жаңаша» деп аталатын ПИК төрағасының орынбасары Тамара Папованың өз айтары бар.

Тамара  Папова, Атырау қаласы «Жаңаша» ПИК төрағасының орынбасары:

Әр жерден жамап-жасқаған нәтиже бермейді. Толықтай жөндеу үшін  үлкен қаржы керек. Ондай қаражат пәтер иелері кооперативінде жоқ.  Сондықтан  «Терможаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Оған  үй тұрғындарының 20 пайызы ғана келісіп отыр.

 Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ