Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өскеменде электр қондырғысы істен шығып, 40 мың абонент жарықсыз қалды

AstanaTV
30.03.2017ж. 20:00
1991
Өскеменде электр қондырғысы істен шығып, 40 мың абонент жарықсыз қалды

Өскеменде электр стансасында өрт шығып, 40 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Өрт полиэтиленмен қапталған су жаңа кабельдегі қысқа тұйықталудан шыққан көрінеді. Өрт сөндірушілер мен электр тарату компаниясы қызметкерлері жалынды ауыздықтау үшін қаланы қуат көзінен айырып тастауға мәжбүр болды. Қосалқы бес станса істен шығып, дүкендер мен әлеуметтік мекемелер, тұрғын үйлер бірнеше сағат бойы жарықсыз отырды. 

Түскі сағат екіде жағдай қайта қалпына келе бастаған. Облыстың энергетикалық компания өкілдерінің хабарлауынша, 300-ден астам қосалқы станса 50-60 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бәрі де күрделі жөндеуге мұқтаж. Биыл инвестициялық бағдарламаға сай бұл стансалардың үштен бірі жөнделеді деп жоспарланған.

Руслан Карманов, "ШҚ ЭТК" АҚ басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Мұндай апат кезіндегі техникалық ақаулардың себебі әдетте 10-12 күн тексеріледі. Шығыс Қазақстан өңіріндегі электр желілерінің 76%-ның тозығы жеткен. Бұл аздай жарты ғасырдан астам уақыт бойы үзіліссіз қолданылып келеді.