Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Қазақстан Барысына» іріктеу басталады

AstanaTV
29.03.2017ж. 20:00
1962
«Қазақстан Барысына» іріктеу басталады

«Қазақстан Барысына» полиция өкілдері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің палуандары да қатыса алады. Ол үшін «Әскер барысы» турнирінен бірінші немесе екінші орын алуы тиіс. Аламан жарысты ұйымдастырушы Арман Шораев бүгін осыны мәлімдеді.

34 палуан бақ сынайтын Қазақстан барысы екінші шілдеде Астанадағы «Барыс Аренада» басталады. Арман Шораевтың сөзінше, биылғы жарыстың жүлде қоры былтырғыдан кем болмайды. Яғни 30-35 миллион теңге аралығында. Жобаның жеңімпазы мен жүлдегерлері жарыстан кейін тағы да допинг-сынамаларын тапсырады. Ал сыйақыларын тек WADA таза деп хат жібергенде ғана алады екен. Төрт кезеңнен тұратын іріктеу жарысы аймақтарда сәуірдің бірінен басталмақ.

Арман Шораев, «Қазақстан Барысы» қорының төрағасы:

Тек қана әскерилер ғана емес, ішкі істер министрлігі өкілдері қатысса да, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің палуандары қатысады, құқық қорғау органдарының палуандары қатысуға тиісті. Біз бір емес, екі бірдей, бірінші және екінші орын алған палуандарға жолдама беріп отырмыз.