$478.93 €534.96 ₽5.16
×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры белгілі болды

05.09.2024ж. 20:00
200
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры белгілі болды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тұңғыш рет барлық құрлықтың өкілдері бақ сынайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялық алаңында өткен брифингте айтылды. Ұйымдастырушылар қазір ауқымды спорттық шараға дайындықты пысықтап жатыр. 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Көшпенділер ойындарына шамамен 560 спорттық ат және 45 құс қатысады. Жалпы жүлде қоры - 250 млн теңге. Дүбірлі додаға 64 елдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыспақ. 

АБЫЛАЙ ҚОНДЫБАЕВ, 5-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын қатысушыларымыз. Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдардың жалпы саны 581 дана.