Білім беру жүйесі ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Президент Жолдауында орта білім сапасын жақсарту үшін жұмыстар жүргізілетінін айтты. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасап, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін түбегейлі жойылмақ.
АЙГҮЛ ИШАНҒАЛИЕВА, №209 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:
Жалпы біздің елімізде балалардың дүниеге келуі жылына 400 мыңнан астам екен. Сонымен бірге біздің мемлекетіміз- әлем мемлекеттерінің ішіндегі ең жас мемлекет. Иә себебі біздің азаматтарымыздың орта жасы 32 жас, ал азаматтарымыздың 3/1 бөлігі бұл жастар екен. Ал әрбір баланың сапалы білім алуға құқығы бар. Ал білім сапасын жақсарту және де мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру қазіргі кезде ауадай қажет болып тұрғанын атап өтті.
Елімізде ұлт саулығын нығайту үшін де кешенді шаралар қолға алынбақ. Денсаулық сақтау саласында жаңа өзгерістер жүзеге асса, медициналық көмектің сапасы әлдеқайда жақсарып, қолжетімділік қамтамасыз етілетініне Шымкентегі диагностикалық орталықтың бас дәрігері Шолпан Мырзахметова сенімді. Оның сөзінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері жекеменшік медициналық ұйымдардың саны көбейіп, денсаулық сақтау саласында қосымша ресурстар артқанын айтады. Дегенмен тегін медициналық кепілдендірілген көмекке қол жеткізе алмай, ақылы түрде қызметке жүгінетіндер әлі де бар екені жасырын емес дейді.
ШОЛПАН МЫРЗАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Медициналық көмектердің бірыңғай топтамасын ұйымдастыру. Ол дегеніміз өзімізге белгілі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі бар және МӘМС жүйесінде атқарылатын қызметтерінің тізбесі бар. Осы қызметтердің бәрі жолдамадағы көрсетілген міндеттерге сәйкес қайта қаралатын болады.