$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысының Шиелі кентінің үш жүз отбасына үй салуға жер берілді

AstanaTV
30.03.2017ж. 20:00
3341
Қызылорда облысының Шиелі кентінің үш жүз отбасына үй салуға жер берілді

Қызылорда облысының Шиелі кентінде үш жүздей отбасына тегін жер берілді. Өткен жылы облыс орталығында 36 мыңдай тұрғыны бар «Байтерек» шағын ауданы бой көтерген. Ал, Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» шағын ауданында 1400 отбасына арналып тұрғын үйлер салынып жатыр. Енді олардың қатарына Шиелі ауданы қосылды. 

Ақ шаңқаң киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылған аумақта нағыз мереке. Тұрғын үй салуға жер учаскелерін ала бастаған жамағат көңілді.  Шиелі ауданының 7 мыңға жуық тұрғыны 10 сотық жерді тегін алу үшін кезекте тұрған. Соның 300-і  жаңадан бой көтеретінн «Береке» шағын ауданына қоныс тебетін болды. 

Нұржан Садыров, Шиелі кентінің тұрғыны:

Он жылдан бері кезекке тұрып, көптен күткен жерімізді алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Осы тәуелсіздіктің жемісі деп білеміз. Осы еліміздің әрі қарай өркендеп, өсуіне сүбейлі үлесімізді қосамыз деп сендіреміз. 

Жергілікті билік өкілдері болашақ шағын ауданға инженерлік-коммуникациялық жүйелер толық тартылғанын айтты. 250 шақырымнан астам аумаққа су жеткізілген. Облыс әкімінің дерегінше, аудандағы екі жарым мыңдай тұрғынға жер телімдерін табыстау жоспарланып отыр. 

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

Бұл жерде инженерлік инфрақұрылым бар, жолы бар, свет тартылған, қажетті инженерлік коммуникациялар - барлығы дайын. Ертең үйді салып алып, светты қалай тартам, жолды қалай келтірім деген ешқандай мәселе болмайды. Әрине, өзіміздің баспанамыз болғанын, өзіміздің үйіміздің болғанын қалаймыз.

Шиелі ауданының халқы үшін тағы бір елеулі жаңалық - құс фабрикасының іске қосылуы. Өткен жылдың сонында 12 мың балапан әкелінген. Солардан жылына үш жарым миллион дана жұмыртқа өндірілмек. Шаруашылық тағы он мың балапан сатып алуды жоспарлап отыр. Болашақта аймақ тұрғындары жергілікті, табиғи әрі сапалы құс етін тұтынуға мүмкіндік алады.

Шарипа САҚТАПОВА