Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен құттықтап, ерекше қымбат сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім - Саркенова Айгерім, сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын, ботам!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Продюсер ұлы Қайрат Нұртастың орындауындағы "Туған күн" әнін қосып, келінімен өткен керемет сәттерінен естелік видео жариялады. Видеоның астына келінін мақтап, осындай қыз тәрбиелеп өсірген құдағиына алғыс айтуды ұмытпады.
"Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың, саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және Нұрәлі немереміздің артынан ұл-қыз еріп, үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара балам Аян Нұртастың құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла!", - деп тілегін білдірді продюсер.
Әлеуметтік желіде продюсер келініне су жаңа фотоаппарат сыйлағанын айтты.