Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әлеуметтік салықтың қысқаруы мүмкін. Бірақ...

AstanaTV
01.04.2017ж. 20:00
1718
Әлеуметтік салықтың қысқаруы мүмкін. Бірақ...

Апта басында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік салықты азайтуды ойлап отырғандарын хабарлады. Себебі міндетті медициналық қамсыздандыру салығы және қосымша зейнетақы төлемдері енген соң, кәсіпкерлер автоматты түрде «көлеңкеге» ұмтылатынын біліп отыр. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұл есептейтін мәселе. Біз әр салық бойынша  - қай жерден қанша алып, қанша жоғалтатынымызды есептеуіміз керек. Бірақ тиімділігін көру үшін, әлеуметтік салықты қысқарту керек. Білмеймін, бір жарым, екі есеге дейін шығар. Бірақ бұл мәселе әзірге салық салу бойынша жұмыс істеп жатқан топта ғана талқыланып жатыр. Үкімет бекіткен жоқ. Тиісінше, парламентке де түскен жоқ.

Ұсынысты сарапшылар қолдайды – қазір кәсіпкерлер еңбекақы қорына 3 төлем жасайды. Зейнетақы, әлеуметтік және әлеуметтік қамсыздандыру салықтары. Жалпы көлемі 36 пайызды құрайды. Міндетті медициналық төлем енген соң, бұл 48 пайызға дейін өседі.

Меруерт Махмұтова, Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры:

Бұл ұсыныстың мағынасы бар, себебі салықтардың артуы бизнестің көлеңкеге кетіп, жалақыны конвертпен беруіне апарады.

Сергей Уткин, заңгер:

Егер мемлекет салықты екі есеге азайтса, кәдімгідей көмек. Себебі қазір ауыр кезең. Экономика соншалықты жылжып жатқан жоқ. Кәсіпкерлерге қиын. Ондай сәтте сауатты үкімет салықтарды көбейтпейді, керісінше, азайтады. Иә, салықты көбейтетін мемлекеттер болады. Бірақ олар бизнесті өлтіреді. Немесе олар көлеңкеге кетеді. Ал егер біздікілер айтып отырғандай азайтса, кәсіпкер бәрін ашық, заңды түрде істеуге тырысады. Төзуге болады деп.

Елімізде әлеуметтік салықты жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, нотариустар, тұрақты ұйымдар тіркеген резидент еместер төлейді. Көлемі жалақының 11 пайызы. Егер міндетті медициналық төлем мен қосымша зейнетақы төлемдері енсе, олардың «көлеңкеге» кететіні өз алдына, бағалар өсе бастайды. Алайда өкімет әлеуметтік салықты екі есеге дейін оп-оңай азайта салмайды. Өкіметтің өз мүшесі айтса да. Жауапты қысқа қайырғанда – бюджеті керемет емес мемлекетте көп мәселе консервативтік көзқараспен шешіледі. Мысалы, сәрсенбіде-ақ, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов «әлеуметтік салық жергілікті бюджеттік кірістердің 12 пайызын құрайды. Жыл сайын одан 530 млрд теңге түседі. Егер бұл салық екі есеге қысқарса, облыстар біраз қаржыдан қағылуы мүмкін»- деген ол, Парламентте. Оның салықты азайтса, тек ұтылатынымыз туралы пайымға келіп, Экономика министрлігінен бұрын есептеп үлгерген «жүйріктігі» таңғалдырады...