Астана әкімі Facebook-гі парақшасында адамдарды көп қабатты ғимараттардың жанынан абайлап өтуге шақырды. Күшті желдің кесірінен олардың сыртын қаптаған материалдар опырылып жатыр. Қошқарбаев көшесінде көп қабатты тұрғын үйдің бейнелеп айтқанда «шекпенінің дал-дұлын шығарған». Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ә.Исекешев пәтер иелері кооперативтерін үйлердің фасадын тексеруге үндеді. «Басыңызға кірпіш түспесін» деген ізгілікке толы ескерту дұрыс ғой. Бірақ кірпіш неге құлайтындай болып қаланады? Салынған үйлердің сапасы бір әңгіме, ал осы, пәтер иелері кооперативтері неге ешкімнің әлі келмейтін «империя»?Алқам-салқам, кір-кір, суға толы подьездер, бала ойнайтын, адам отыратын алаңқайлар тым жұпыны, қыста қалың қарға көміліп, көлік қоятын жер жоқ, көктемде лай суға, жыл он екі ай қоқысқа толы аулалар. Көбі. Бажайлап қараған адамға осылай тұруы, бірінші кезекте өзімізге байланысты. Себебі пәтер иелері кооперативтерінің қызметін қадағалауға, бұзыла қоймайтын сапалы сағаттай жұмыс істетуге ешкім, ешнәрсе кедергі емес. Қыл аяғы осыны істей алмайтынымызға – тұратын үйімізде тәртіп орната алмайтынымызға қарап, жалпы тіршіліктің қиюы неге қиыспайтынын түсінуге болады. Ең ірі қаланы мысал қылған Ришат Асқарбекұлының материалы.
- Бұл жерде сырттағы канализация құбырлары бітеліп тұр. Содан ол қайда кетеді. Қайтадан осы подвалға айдап жатыр.
Алматыда көктем шығысымен көп қабатты үйлердің жертөлесінде пайда болатын мәселе мұнда да бар. «Көктем-2» шағын ауданындағы бұл үйде мүңкіген иіс тұрғындардың «мұрынын бітеп тастаған». Жылда қайталанатын көрініс. Тұрғындар ПИК төрайымының істі бұл жолы да құрғақ уәдемен жауып қоярына сенімді.
Татьяна Михаилова, тұрғын:
Үш аптадан бері кәріз суы үздіксіз ағып тұр. Бұрын тазалап, артынан хлор сеуіп қарап кетуші еді. Қазір оны да қойды, күн жылыса, кебеді де сасып осылай жатады.
Сара Тоспабаева, «Баянды» ПИК төрайымы:
Қазір біз откачка әкелеміз, хлорды септік. Сосын жігіттерді қойып тазалап береміз.
- Анау су шарылдап ағып тұр. Егер қазір резина етік болғанда, түсіп көрсететін еді. Етігім болмай тұр
Ал мынау салынғанына бір жыл да толмаған жаңа тұрғын үй кешенінің жертөлесі. Мұнда да тұрғындар құрылысшылар мен үйге қызмет етуі тиіс пәтер иелері кооперативіне шағымданып отыр.
Сәулебек Бұхарбаев, тұрғын:
Су мына таза су емес, ішетін судың ағып жатқан суы емес, кәдімгі туалеттен ағып жатқан, канализация дейді ғой, содан ағып жатқан су. Мұның ағып жатқанына он күннен астам уақыт болды. Мына су содан аққаннан ағып, әлі тұр. Енді міне жарты метрге жетті. Мынау жарты метр мынау кір су, мына лас су. Бәлкім қайталануы мүмкін сол Алғабастағы жағдай қайталануы мүмкін. Тура сол болса сол кезде барып қимылдап, адамдар бірдеңе істейтін шығар. Оған дейін ешкім ештеңе істемейді.
Алматыда 800-ден астам пәтер иелері кооперативі тіркелген. Жүйесіз жұмыс пен салғырттық көп қабатты тұрғын үйлердің барлығына қатысты десе болады. Сипаттағандай мысалдар мыңдап кездеседі. Жыл өткен сайын күрделенген бұл мәселемен түбегейлі айналысуға ешкім асығар емес. Сарапшылар Алматы сияқты ірі қаланы басқаруға келген командалардың бірде-біреуі тұрғын үй қатынасын реттеуде бетбұрыс жасаған жоқ, дейді.
Қазыбек Шайх, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, сарапшы:
Жалпы КСК мен осы күнге дейін ешкім жүйелі түрде айналыспай отыр. Оған күрделі түрде қарау керек. Мысалы әкімдік ол жерге араласса, заңгер айтады. Бұл жерге араласуға құқығыңыз жоқ, бұл тұрғындардың өз мәселесі деп шығады. Ол да дұрыс.
Пәтер иелері кооперативтерінің қызметі «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңның аясында реттеледі. Жақында Мәжілістің жұмыс тобы Алматыға келіп, тұрғын үй заңдарына өзгерістер енгізу туралы талап-тілектерді тыңдаған. Әкімдік өкілдері ПИК-тердің жұмысын реттейтін 30-ға жуық ұсыныс беріпті. Соның ішіндегі ең басты проблема- пәтер иелері кооперативтерінің тұрғындардан жинайтын алымдарына қатысты. Атқарушы билік те, өзге де құзырлы органдар осы мәселені шеше алмай отыр.
Қазыбек Шайх, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, сарапшы:
Кез-келген үйді алсаңыз парковкасы, бар офисті арендаға береді, жарнама іледі. Одан да қаражат түседі. Бірақ оны ешкім бақыламайды. Сол орындарды тиімді пайданып, коммуналдық төлемдердің орнын кішкене болса да, азайтуға болады.
Ең бастысы- есепсіз қаражат қайда кетіп жатыр? Мұны қазбалап, істі ақырына жеткізген ешкім байқалмайды. Тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы тұрғындардан түсетін жарналардың 80 пайызы кооперативтердің штатын ұстауға кетсе, тек 20 пайызы ғана үйлерге жұмсалатыны айтумен шектелді.
Айдар Әлібаев, Қаржылық тұтынушылар ұйымының төрағасы, экономист:
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары шыққан заңдардың аясында жұмыс істеп жатқан ПИК-тер бүгінгі күнгі өмірдің талаптарына ілесе алмай келеді. Оларды қағадағалайтын заңның болмауы ПИК төрағалары мен олардың жұмысшыларына тұрғындарды тонауға жол ашып отыр. Мүшелік жарна, үйді ұстауға деп жиналатын алымдар болсын, ең сорақысы оларды сот арқылы дұрыстап, жариялы жұмыс істеуге иліктіру мүмкін болмай отыр. Себебі олар сол халықтан жиналған ақшаға заң орындарын сатып алып, құтылып кетеді. Мен өз басым соттастым. Бірақ әділдік таба алмадым.
Ал ғалым, әрі «Креативтік шешімдер орталығын» басқаратын Қазыбек Шайх ПИК-ң жұмысын саралап, оның қортындысын жақында қоғамдық кеңес отырысында ұсынбақшы. Бұл проблеманы тұрғындар арасындағы протесттік сезімді оятып, әлеуметтік дүмпуге сотқтыратын фактор ретінде көреді. Ол өз зерттеуін әкмдіктің кабинеттерінен емес, төменнен бастаған. ПИК басшыларымен кездесіп, тұрғындардың өздерімен жүзбе-жүз сөйлесу арқылы, жағдайдың ушығып тұрғанына көз жеткізіпті.
Қазыбек Шайх, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, сарапшы:
Жалпы халық әлеуметтік-саяси мәселерді сезе бермейді. Бірінің астынан, бірінің үстінен өтіп кетеді. Егер адам үйіне келгенда жарық болмаса, кір болса, төбесінен мұз құласа, немесе тайып жығылса, үйіне кіріп жатса, ол сол кезде ғана мәселені сезеді. Бұл мәселені шеше алмаса, іші қайнған суға айналады да, КСК дан басталады, түрткі сол болады.
Алматы әкімі де өз командасының жұмысы үлкен реформалармен бағаланбайтынын, әр тұрғынның табалдырығында жатқан шағын проблемаларға назар аударудан басталатынын білетін сияқты. Ал мынау қала басшысының жақындағы тұрғындар алдында есеп беру жиынында айтқан пікірі.
Бауыржан Бәйбек, Алматы қаласының әкімі:
Когда у людей грязно в подъезде, мусор, они говорят: «Куда аким смотрит». При чем тут аким и то, что в твоем подъезде не работает лифт? Когда с КСК требуют, они работают. А когда не требуют – они не работают» Был один КСК, с Алматинской области передали – семейный подряд: жена и дочь. Муж стоит – здесь Zilli (бренд элитной мужской одежды), здесь Zilli, что, он на зарплату весь брендовый? С КСК разберемся и со всеми, на то мы и власть. Но горожане должны поддержать.
Біз сөзге тартқан сарапшылар тұрғын үй қатынастарындағы кемшіліктер тұрғындардың өздеріне де байланысты екенін айтады. Өзінің жеке мүлкіне деген немқұрайлылық бар. Қордаланып қалған мәселені шешуге уақыт та бөлмейді, бел шешіп те кіріспейді.
Қазыбек Шайх, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, сарапшы:
Егер бұрынғы ЖЭК-тер сияқты әкімдікке берсе, проблема одан да көбеейдеді. КСК жүйесі жақсы, бірақ адамдардың белсенділігі артып, оны өздері қолға алса, жұмыс жеңілдер еді. Өз өмірі ғой.
Көшедегі адамдар: Осында сөз, көп әңгіме шықпас үшін председателдер тұрғындармен көп байланыс жасау керек.
Сейчась время такое, люди вообще ничем не интересуется. Им все это наплевать что там твориться. Даже у нас собрать 15-16 квартир на собрание, очень сложно. Никто не хочет ходить.
Ең проблеманың үлкені подвалға су кеткені. Бұл үйдің құлап қалуына түрткі болады. Мен инженер строительмін, ол үгітіле береді.
Белсенділіктің ерекше үлгісін көрсеткен оралдық Нұрлан Хамзин көршілерінің ықыласына бөленді. Ол пәтер иелері кооперативіне ауыз ашып отырмай, тұрғындарды тазалыққа, еңбекқорлыққа үндеген. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласына, кіре берісіне тәртіпке үндейтін нақыл сөздер жазып қояды. «Тазалық табалдырықтан басталады», «Тазалықты сақтау - баршаның ісі!», «Әдепті бала - арлы бала» деген сияқты мақалдар арқылы айналасына ой салмақ.
Нұрлан Хамзин, Орал қаласының тұрғыны:
Осыдан бірнеше жыл бұрын жөндеген еді. Сол кезде қабаттардың нөмірі болмады. Сосын жөндеу біткесін әр қабатқа тұрғындар қарындашпен білгенін жаза бастады. Содан кейін осындай ой туындады: әр қабатқа осындай сөз жазсам, сосын тазалық сақтау мақсатында осындай сөздер жазсам деген.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Ресми дерек бойынша, Алматыда 8,5 мың көп қабатты тұрғын үй бар. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға ПИК-р туралы соңғы рет 1997 жылы өзгерістер енгізілген. Сарапшылар жиырма жылдан бері тек талас - тартыспен басқарылып келген саланы өзгертетін жаңа заң қабылданады деп үміттенеді. Кейбір деректер бойынша Алматыда ПИК-ң айналымында жыл сайын 8 млрд. теңге қаражат айналады. Себебі ай сайын тұрғындар қалтасынан шығып жатқан жарнаның есебін сұрап жатқан ешкім жоқ.
Ришат Асқарбекұлы, «Біздің уақыт».