$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбенің хром қосындылар зауытында бір әулеттен сегіз адам қызмет етеді

06.09.2024ж. 20:00
241
Ақтөбенің хром қосындылар зауытында бір әулеттен сегіз адам қызмет етеді

Ақтөбелік Құлантаевтар отбасы -«Адал азамат-Адал еңбек-адам табыс» қағидатын ұстанған отбасы. Әулеттің сегіз бірдей мүшесі Ақтөбе хром қосындылары зауытында қызмет етеді.

Бауыржан, Болат, Қанат ағайынды жігіттер және олардың жұбайлары Гаухар мен Гүлжайна, апасы Жайнагүл мен қарындастары Ләззат. Ағайындылар электрик мамандығын меңгерген. 2000 жылдары алдымен Нұрбол осы зауытқа электрик болып жұмысқа кірген.

НҰРБОЛ НҰРТАСОВ, ЭЛЕКТР ЦЕХЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші электр цехта мен істедім. Сосын балдызды тартып алдым. Айттым. Электрик бол, оқы. Ол оқуға түсті. Колледж бітіріп электрикке тұрды. Сосын екінші балдыз жәйлап үйреніп, үйреніп, Бәріміз профессионалы своего дела. Уже неше жыл электрик болып істеп жатырмыз.

Иә, ағайындылардың денінің зауыттағы еңбек өтілі жиырма жылдан асады. Өмірде ағайынды бір әулет болғанымен Құлантаевтар қызметте өз ісінің нағыз шеберлері. Элекрик мамандығында қай уақытта да сұранысқа ие мамандық ретіңде таңдаған. Зауытта сегіз цех болса, соларда электр құрылғыларын жөңдеуші, кезекшілікке тұрушы тіпті зауыттың тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуіне де жауапты осы жігіттер.

ҚАНАТ ҚҰЛАНТАЕВ, №2 ЦЕХ АҒА ШЕБЕРІ:

Сплошенность дейді ғой орысша. Сол жақсы шығар. Постоянно бірге жұмыс жасаймыз. Зауытта любой жұмыстың қыр-сырын білеміз. Бір-бірімізді түсінеміз. Демалыс кезде постоянно кездесеміз. Жұмысымыз ұнайды. Жақсы стабильность.

Құлантаевтарды ұжымдастары жақсы біледі. Бір отбасы мүшелері қарапайым электриктен бастап, цехтың аға шеберіне дейін көтеріліп табысты еңбек етіп келеді. Бауырлардың қай-қайсысы болмасын бастысы еңбекқорлығымен ерекшеленетін көрінеді.

Сергей СЕМЕРЕНКО, БАС ЭНЕРГЕТИКТІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

С этими людьми мы давно работаем.... Бұл отбасымен жақсы таныспын. Көптен бері бірге жұмыс істейміз. Кезінде жұмысты бірге бастадық. Бір бригадада электрик болдық. Өте жауапты,еңбекқор өз ісін білетін жандар. Өмірде де ақжарқын адамдар.

Қуантаевтар жанұясы -қазір өсіп-өнген шаңырақ. Немерелердің да алды әулеттің үрдісін жалғастырып, адал еңбекпен қоғамға қызмет етуге дайын көрінеді.