$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан армиясы тағы 20 мың сарбазбен толығады

06.09.2024ж. 20:00
494
Қазақстан армиясы тағы 20 мың сарбазбен толығады

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазақстан армиясы тағы 20 мың сарбазбен толығады. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылады. Айта кетейік, биыл сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге көлеміндегі төлемдері кейінге қалдырылған. Бұдан бөлек, отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері қарастырылған. Бүгінгі таңда әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам адам жас оқу орындарына тегін, ал ақылы түрде 700-ден астамы оқуға түскен. Осы жылдың көктемінде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасҚАН. 

РУСЛАН ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарларының төрағалығымен жұмыс істейтінін естеріңізге сала кетейік. Шақыру науқаны барынша ашық форматта өткізіледі. Әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, қоғам өкілдері қажетті ақпаратқа жүгініп, барлық сұрақтарға жауап ала алады. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар іске қосылған.