Инновация
мен ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығынды бизнес өз мойнына алу керек. Қазіргі
таңда зерттеу мекемелерінің саны артып жатқанымен, қаржыландыру құрылымы алдыңғы
қатарлы мемлекеттерге сай емес. «Нұр Отан» партиясының «Зерде» сарапшылар
клубына жиналғандар осылай десті. Басқосуда инновациялық дамудың экономикалық
механизмдері талқыланды.
Инновация
мен зерттеу бағыты әлемде күн санап қарқын алып келеді. Мысалы, Жапония, Оңтүстік
Корея, Тайвань мемлекеттерінде инновацияны 75 пайыз бизнес қаржыландырып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, ол үшін бірінші кезекте салық кодексін өзгерту керек.
Қазір үкіметте қарала бастаған жаңа кодекске партия атынан осы бағытты
жаңғыртуға арналған ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда, корпоративтік салықты
жеңілдетіп, қосымша салықты мүлдем алып тастау. Сонымен қатар, еркін
амортизация болса, компаниялар инновацияға салған қаражатты бір жылдың ішінде
өндіріп алар еді деген пікір де айтылды.
Қанат
Оспанов, «Нұр Отан» партиясы СТСЗО
стратегиялық зерттеулер бөлімі меңгерушісі:
Бізде
әзірге жағдай ондай емес. Сондықтан, біздің ойымызша, ең басты шара басқа
мемлекеттерде қолдыналатын. Ол - салық жеңілдіктері. Ол жағынан бізге мына салық кодексін жаңарту
керек. Ол мәселе қазір үкіметтің алдында тұр. Біз жақтан да біраз
ұсыныстарды дайындадық салық саласы бойынша.