Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясы мен «ЕХРО-2017» ҰК байланысты нығайтты

AstanaTV
31.03.2017ж. 20:00
2359
 «Нұр Отан» партиясы мен «ЕХРО-2017» ҰК байланысты нығайтты

«Нұр Отан» мен «ЕХРО-2017» ұлттық компаниясы өзара байланысты нығайтты. Бүгін партияның 16 аймақтық және 214 аумақтық филиалдарында «ЭКСПО-ға ұсынамыз» атты жоба бастау алды. Оның аясында тұрғындар мен кәсіпкерлерге айтулы шараның мәні мен маңызы түсіндіріледі. Өз кезегінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен жиынға келген меймандар бірнеше ұсынысын жеткізді. Олардың басым бөлігі ұйымдастыру жұмыстарындағы инновациялық технологиялар мен туризм саласына қатысты. Еріктілер келушілерге естелік үшін кәдесыйлар таратып, түрлі викториналар ұйымдастырды.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Бүгін «Нұр Отан» партиясының алаңында өте үлкен дұрыс жұмыс атқарылып жатыр. Бұл «ЭКСПОға ұсынамыз»- деген біздің партиялық акциямыз. Оның аясында келген кәсіпкерлерге, азаматтарға «ЭКСПО» туралы толық ақпарат беру.

Даниел Сержанұлы, «Астана ЕХРО-2017 ҰК» АҚ департамент менеджері:

«Нұр Отанмен» әрі қарай тығыз жұмыс жасау керекпіз. Әртүрлі күнделікті сұрақтар туындайды ғой, қай жерге тоқтауға болады, келуге байланысты, қатысуға байланысты. Тек қана келушілер ғана емес, бизнес қалай қатысады сол сұрақтардың барлығын «Нұр Отанның» ресурстарын пайдалана отырып, еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізсек деген ойдамыз.