Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда тәжірибелі дәрігерлер метабиотиктің пайдасы туралы айтты

AstanaTV
31.03.2017ж. 20:00
4020
Алматыда тәжірибелі дәрігерлер метабиотиктің пайдасы туралы айтты

Бүгінде дисбактериоз дерті өзекті мәселе ретінде қаралуда. Түрлі аурулардың синдромы оның факторларымен байланысты болып отыр. Алматылық дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Дерттің алдын алудың инновациялық әдістері туралы арнайы конференция ұйымдастырылды. Мамандардың пікірінше, адамдардың өмір сүру салтының өзгеруі, дұрыс тамақтанбау мен күшті антибиотиктерді жиі қолдану инфекциялық ауруларға деген сезімталдықты арттырған. Дисбактериоз деген не, оны метабиотикпен емдеуге бола ма? Тілші жауап іздеп көрді.

Газ жиналуының жоғарылауы, балалардың іш өтуі, иммунитеттің әлсіреуі. Дисбакетериоз осылай пайда болады. Ресейдің физико-биологиялық медицина ғылыми-клиникалық орталығының бас дәрігері Петр Щербаковтің айтуынша, дисбактериоз немесе дисбиозды дер кезінде емдеу керек, әйтпесе ішек микрофлораларының бұзылуы адамның өміріне өз әсерін тигізеді.

Петр Щербаков, РФ медициналық биологиялық агенттігі ҒКО бас дәрігері:


Қалай десек те, адамның ағзасындағы микробиоттардың жұмысы бұзылады. Оның салдары адам бойында мазасыздық тудырады. Бұл патогендік және қалыпты микрофлораның іштей шайқасына әкеледі. Айналып келгенде, дерттің туындауына суық тию, иммунитеттің әлсіреуі, диетаның бұзылуы мен темекі тарту сияқты жағымсыз әдеттер де себеп болады.

Дер кезінде ем-дом жүргізу - дисбактериоздың өршуіне жол бермейтін жалғыз әдіс. Петр Щербаковтың да пікірі осыған ұқсас. Науқастар көп жағдайда қажетті мамандарға бара бермейді. Керісінше, өзін өзі емдеуге дағдыланған. Мұның соңы адам ағзасындағы дертті одан ары асқындырып жібереді, дейді дәрігерлер.

Сәуле Диханбаева, медицина ғылымдарының докторы:

Жасыратыны жоқ, қазір емханаларға келетін науқастардың айтатын негізгі уәжінің бірі осы. Отбасымен отырып, интернеттен ақпараттар алып, соның негізінде өзін-өзі емдеуге әуестенеді. Препараттарды дәрігердің рецептісінсіз-ақ дәріханалардан сатып алып, балаларды емдейді. Ақырында дәрігер асқынған дертке тиімді ем-шара жасай алмай қиналады.

Бүгінгі конференцияда метабиотиктердің әртүрлі жастағы науқастарға әсер етуінің ғылыми негіздемесі қарастырылды. Бұл дисбиоз мәселесінің жаңа түсіну. Сондай-ақ «Тева» компаниясы ұйымдастырған  мұндай  медициналық конференциялар Шымкентте және Ақтөбеде өтті. Жақын уақыттары бұл проблеманың инновациялық шешімдері туралы еліміздің өзге аймақтарында тұратын тұрғындар да білетін болады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ