Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Суға подвалдар да толған...

AstanaTV
31.03.2017ж. 20:00
2275
Суға подвалдар да толған...

Көктем келгенде сай-сала, елді мекендер ғана емес, тұрғын үйлердің жертөлелері де суға толады. Мүңкіген иістен жылдар бойы құтыла алмай отырған үйлер аз емес. Мысалы, еліміздің ең үлкен қаласы Алматыда тұрғындар пәтер иелері кооперативтерінің жұмыс істемейтінінен шаршаған. Ал кейбір деректер бойынша, Алматыда ПИК-тердің есепшотында жыл сайын 8 млрд теңге қаражат айналады.

Бұл жерде сырттағы канализация құбырлары бітеліп тұр. Содан ол қайда кетеді? Қайтадан осы подвалға айдап жатыр.

Татьяна Михаилова, Алматы тұрғыны:

Үш аптадан бері кәріз суы үздіксіз ағып тұр. Бұрын тазалап, артынан хлор сеуіп, қарап кетуші еді. Қазір оны да қойды, күн жылыса, кебеді де, осылай сасып жатады.

Пәтер иелері кооперативтерінің сапалы қызмет көрсетпеуіне кінәлі кімдер? Ертең, 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан арнайы материалды көріңіздер!