Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Маңғыстау облысы 2016 жылы құны 400 миллиард теңгелік инвестиция тартқан - Н.Назарбаев

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2234
Маңғыстау облысы 2016 жылы құны 400 миллиард теңгелік инвестиция тартқан - Н.Назарбаев

Тек соңғы 5 жылдың өзінде Маңғыстау облысы мен Әзірбайжан арасындағы өзара сауда айналымы бес есеге артқан. Әзірбайжандағы ресми сапарынан соң Маңғыстауға ат басын бұрған президент осылай деді.

Мемлекет басшысы өңірдің энергетикалық, өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуетіне де ерекше назар аударып отыр. 2020 жылға қарай Ақтау солтүстік теңіз терминалының қуаттылығын айтарлықтай арттыру жоспары бар. Терминал жұмысы экспорт-импорт өсімін арттыруға және Қазақстан мен Орталық Азия елдері өнімдерін Ақтау порты арқылы Кавказ маңы, Парсы шығанағы елдеріне және Ресей Федерациясына жеткізуге бағытталған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

2016 жылы аймаққа құны 400 миллиард теңгелік инвестиция тартылды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 12 есеге артық. Болып жатқан жағдайдың бәрі сол қаражаттың арқасы. Мемлекет мықты болмаса, кім келеді мұнда ақшасын алып? Тәуелсіздік алғаннан бері өңірдің жалпы ішкі өнімі 32 есеге өсті. ЖІӨ жан басына шаққанда 3,5 млн теңге болды. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады.