$448.05 €486.58 ₽5.82
×

«Іскерлік климат» кәсіпкерлікке кедергі келтіретін мемлекеттік органдар тізімін жариялады

AstanaTV
04.04.2017ж. 20:00
2108
«Іскерлік климат» кәсіпкерлікке кедергі келтіретін мемлекеттік органдар тізімін жариялады

Кәсіпкерлер аймақтағы мемлекеттік органдардың қайсысында жемқорлық жайлағанын жайып салды. Зерттеулер жүргізген «Іскерлік климат» 2016 жылғы  рейтинг қорытындысын шығарған. Мұны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жариялады. Рейтингке сүйенсек, кеден мен экономикалық тергеу қызметі және көліктік инспекция сыбайлас жемқорлық жайлаған орган болып табылған.

Орташа параның көлемі де белгілі болды. Кеден қызметінде пара мөлшері 120 мыңнан басталып, 486 000 теңгеге дейін барады. Экономикалық тергеу қызметіндегілердің араны да кең, 165 мың мен 632 мың теңге аралығында. Көлік инспекциясындағылардың да 85 мың мен 314 мың теңге шамасында пара алатыны белгілі болды. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах